
Арқалықтағы гемодиализ орталығы жабылмайды
Әлеуметтік желілерде тараған Арқалық қаласындағы гемодиализ орталығының жабылатыны жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды.
Бұл туралы Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Еркебұлан Баязитов ресми мәлімдеме жасады.
– Қоғамда гемодиализ орталығының жабылатыны туралы ақпарат тарады. Бірақ бұл жағдайды көпшілік дұрыс түсінбей қалған. Аталған орталық штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Барлық пациенттерге қажетті ем-шаралар уақытылы көрсетілуде. Орталықтың жабылуына байланысты ешқандай мәселе жоқ. Денсаулық сақтау басқармасы жағдайды толық бақылауда ұстап отыр, -деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, гемодиализ орталығы Арқалық қаласында 2022 жылы ашылған болатын.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
0 просмотров