
Арқалықта тұрғын үйлердің қасбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Арқалық қаласында ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылуда.
Бірқатар нысандар металлсайдингпен және термопанельдермен қапталды, қабырғалар сылақталып, жіктер бітеліп, қасбеттер сырланды.
Мемлекеттік сатып алулар кезінде үнемделген қаражат есебінен аула ішіндегі бірнеше үй жөндеу тізіміне енгізілді. Атап айтқанда, Байтұрсынов көшесі, 23-үйде бетон жіктері бітеліп, балкондар металлсайдингпен қапталып, қасбет акрил бояумен сырланатын болады. Жөндеу жұмыстарының құны 11 миллион теңгеден асады.
Сонымен қатар, жөндеу жұмыстары Ш.Жәнібек көшесіндегі №41, 43, 53 және Демченко көшесіндегі №33 үйлерде де жүргізіледі. Қазіргі уақытта мердігерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл нысандарға қалалық бюджеттен 26 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31