Арқалықта су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды
Оған 6697 әскери бөлімінің сарбаздары жұмылдырылды.
Арқалық қаласында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жұмылдырылды.
Қостанай қаласынан келіп жұмылдырылған 6697 әскери бөлімнің сарбаздары құтқарушылар және азаматтық қорғаныс мамандарымен бірлесіп жұмыс істеуде. Жалпы саны 70-ке жуық әскери қызметші еріген қар суы жиналуы мүмкін аймақтарды бақылауға алып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырған.
Негізгі мақсат — қардың еру кезеңінде болуы мүмкін су басу қаупінің алдын алу.
Сонымен қатар, әскери қызметшілер қала тұрғындарына да көмек көрсетуде. «Жаңа» шағын ауданында, әсіресе қарттар мен тыл еңбеккерлерінің аулаларын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 200-ден астам аула қардан тазартылып, жұмыстар жалғасуда.
Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар су тасқыны қаупін азайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Сурет 6697 әскери бөлімнің баспасөз қызметінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31