Арқалықта су кеткен мал шығыны өтеліп жатыр

Төрт түліктің төлін баққан ауылдағы ағайын үшін су тасқыны оңай болмай тұр.

Дегенмен мал шығыны өтеледі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, шығын қазына қаражатымен де өтеледі. Шаруаларды қолдау тетіктері ширап келеді. Мәселен, ауыл шаруашылығы техникасына арналған лизинг бойынша міндеттемелерді өтеу мерзімі де шегеріледі.

Арнайы комиссия апат болған елді мекендерді аралап, өлген малды есепке алып, мал өлекселелірін залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үстінде.
-Су тасқынынан зардап шеккен ауылдар мен шаруашылықтарды аралап жүрміз. Көктемгі су тасқыны кезінде мал шығыны көбірек болған Арқалық қаласына қарасты Қайыңды ауылдық округі, Әбдіғаппар хан ауылы, Екідің және Жалғызтал ауылдары, – Арқалық қаласының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссияның мүшесі, Арқалық қалалық ветеринария станциясының басшысы Қайрат Қайнулдин.

Бірінші кезеңде осы ауылдардың тұрғындары 214 бас малдың өтемақысын (13 млн 729 мың 149 теңге) алды. Екінші кезеңде 241 бастың (25 млн 186 мың 857 теңге) өтемақысы төленсе, енді үшінші кезеңде 827 бас малдың өтемақысын төлеуге шешім шығып отыр. Оны таяуда төлей бастайды.
Санақ бойынша өлген малдардың бәрі залалсыздандырылды. Барлық сандары есептеліп, тиісті орындарға уақытылы беріліп отыр. Комиссия мал иелерімен бірге жұмыс істеуде.

-Қазіргі таңда мал шығынын өтеу жұмыстарын 73 пайыз орындадық. Өлген малдар әлі де шығып жатыр. Қораларды тазалағанда алдыңғы санақта 16 бас өлген болса, кейін ол 56 бас болды. Мал өлекселері жабылып, құмның, қорданың арасында көміліп қалған. Сол себепті жұмыс әлі жалғасып отыр, – дейді Қайрат Қайнулдин.

Мал иелері өтемақы алу үшін құжаттарын тапсырады. Соның бірі Нағашыбай Бірмағанбетов. Алапат су тасқыны бұл азаматтың үйі мен қорасын қоса шайып кеткен.

-Құжаттарымызды енді тапсырып жатырмыз. Топан су тұтқиылдан келгенде жеке меншік 40 бас қойымнан айрылдым, – дейді Екідің ауылының тұрғыны Нағашыбай Бірмағанбетов.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

Редактор

Recent Posts

Семья из Аркалыка стала лауреатом конкурса «Мерейлі отбасы» и получила 2 млн тенге

В Астане наградили победителей Национального конкурса «Мерейлі отбасы-2026». (далее…)

1 неделя ago

Арқалықтағы оңалту орталығы Жангелдин балаларына да қызмет көрсетеді

Арқалық өңірлік ауруханасында балаларға арналған «Қамқорлық» медициналық оңалту бөлімі ашылды. (далее…)

1 месяц ago

«Караван правовой помощи» продолжает выезды по Костанайской области

Очередной выезд «Каравана правовой помощи» состоялся в город Аркалык, Джангельдинский и Амангельдинский районы. Специалисты несколько…

1 месяц ago

К зиме готовы: в Аркалыке проверили ремонт ТЭЦ и теплосетей накануне отопительного сезона

В Аркалыке прошла масштабная инспекция объектов тепло- и водоснабжения. (далее…)

2 месяца ago

ДКРЕМ проверил исполнение инвестпрограмм и бюджетных трат ГКП «Аркалыкская ТЭК»

ДКРЕМ проверил исполнение инвестпрограмм и бюджетных трат ГКП «Аркалыкская ТЭК». (далее…)

2 месяца ago

Арқалық-Қостанай рейсінің кестесі өзгеруі мүмкін

Тұрғындар аптасына екі рет қатынайтын әуе рейстерінің бірін демалыс күніне ауыстыруды сұрады (далее…)

2 месяца ago

This website uses cookies.