
Арқалықта 7 мың тонна сазбалшықты заңсыз өндіргендерге тергеу басталды
Қостанай облысында «ОГНЕУПОРСНАБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемде техногендік минералдық түзілімдерді заңсыз өндіру және иемдену фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі мәлімдеді.
Анықталған деректер бойынша, Арқалық қаласында 7 мың тоннадан астам отқа төзімді сазбалшық заңсыз өндіріліп, сатылған. Агенттік бұл әрекетті жай азаматтық-құқықтық дау емес, Қазақстан халқына тиесілі табиғи ресурстарды ұрлау деп бағалап отыр.
– ЖШС директорынан адвокаттың қатысуымен жауап алынды. Оның құқықтары толық көлемде сақталды, ешқандай мәжбүрлеу шаралары қолданылған жоқ. Тергеу ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жүргізіліп жатыр, – деді агенттіктің ресми өкілі Ернар Тайжан.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31