
Арқалықта 500 түп қылқан жапырақты ағаш отырғызылды
Арқалық қаласында 500 түп қылқан жапырақты ағаш отырғызылды.
Қала аумағын көгалдандыру жұмыстарына қала әкімі, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық университетінің оқытушылары мен студенттері, волонтерлер және жергілікті тұрғындар белсенді қатысты. Бірнеше жыл бұрын ғана бой көтерген жаңа саябаққа қарағай мен шетеннің 700-ге жуық түбі отырғызылды. Қолдарына құрал-саймандарын алып 100-ден аса адам ағаш егуге сақадай сай келген.
Аталған экологиялық шара елді мекендерді абаттандыру мен жаңғыртуға бағытталған кең ауқымды «Таза Қазақстан» бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.
«Бір күннің жұмысы емес. Біз бұл істі әрі қарай да жалғастырамыз. Университетімізде жастардың әлеуеті жоғары. Сонымен қатар, колледждер мен мектеп оқушылары да белсенді түрде қатысып жатыр. Қаламыз күннен-күнге жаңарып, жаңа келбетке ие болуда», – дейді Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің доценті Зинаида Колдасбаева.
Ағаш отырғызу жұмыстары қаланың әр бөлігінде жүргізілді. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы аллеяда 60-тан астам көшет егілсе, жаңа университет аумағында 90-нан астам ағаш отырғызылды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31