Қостанай облысында көлік-логистика саласын дамыту бағытында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда.
Бұл жұмыстар өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған.
Қостанай облыстық «ҚазАвтоЖол» филиалының бас инженері Андрей Горваттың айтуынша, қазіргі таңда «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы мен «Орталық – Батыс» автомагистралі жобалары қатар іске асырылуда.
– Өткен жылы облыс бойынша 1 300 шақырым автожол және 103 елді мекендегі 400 көше жөнделді. Арқалық қаласында 56 шақырым жолға 2,9 млрд теңге бөлініп, орташа жөндеу жүргізілді. Соның нәтижесінде қала жолдарының жақсы жағдайдағы үлесі 78 пайызға жетті, ауылішілік жолдар – 23 пайыз, жергілікті маңызы бар жолдар – 89 пайыз болды, – деп айтты Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.
Республикалық маңызы бар «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының жалпы ұзындығы 954 шақырымды құрайды. Оның 125 шақырымы Қостанай облысы арқылы өтеді. Бұл жол 1980-жылдары салынған және айтарлықтай тозған болатын. Сондықтан оны жаңарту өңір тұрғындары үшін маңызды.
– Жобаны іске асыру нәтижесінде жол қашықтығы 400 шақырымға дейін қысқарып, өңіраралық қатынас айтарлықтай жеңілдейді. Арқалық қаласы солтүстік пен оңтүстікті байланыстыратын негізгі логистикалық орталыққа айналады деп күтілуде, – деді Андрей Горват.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай барысында берген тапсырмасына сәйкес «Орталық – Батыс» жобасы жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың маусым айында «Орталық – Батыс» бағыты бойынша стратегиялық маңызы жоғары көлік дәлізінің құрылысына ресми түрде старт берілді.
– Жаңа бағыт Астанадан Арқалық, Торғай, Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық дәлізіне тікелей шығуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жол ұзындығы 549 шақырымға қысқарады, бұл өңірлер арасындағы байланысты айтарлықтай жақсартады, – деп хабарлады Андрей Горват.
Сапар барысында Арқалықтағы «Аэропорт» айналма жолының көркемдік безендірілуі де талқыланды. Диаметрі 100 метр болатын айналмаға ою-өрнекпен галька төсеу ұсынылуда. Бірнеше эскиз дайындалған, жобаның құны шамамен 70–80 млн теңге. Қаржыландыру мәселесі қаралу үстінде.
Мамандардың айтуынша, көлік инфрақұрылымын дамыту жол қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, шағын және орта бизнестің дамуына да оң әсер етеді.
Асем БАЙКАНОВА,
фото автора
После заключения договора у него будет еще 30 календарных дней на выполнение работ — таким…
В здании специализированной пожарной части №4 проведут текущий ремонт (далее…)
Ұшақ билеттерінің бағасы белгілі болды. (далее…)
На оставшиеся работы выделили более 51 млн тенге. Подрядчику предстоит закончить системы вентиляции, пожарной безопасности…
С 4 по 9 августа Аркалык на несколько дней стал главной спортивной столицей области В…
О том как идет подготовка к новому отопительному сезону и в частности именно в Аркалыке…
This website uses cookies.