
Арқалық – Державин бағытында жаңа пойыз қатынай бастады
2025 жылдың 20 қазанынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ Арқалық – Державин бағытында №6807/6808 қала маңы пойызын іске қосты. Жаңа бағыт өңір тұрғындары мен теміржол қызметкерлеріне тұрақты әрі қолайлы қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған.Пойыз Арқалықтан сағат 09:00-де шығып, Державинге 10:51-де жетеді. Кері бағытта Державиннен 15:07-де шығып, Арқалыққа 16:57-де келеді. Қозғалыс кестесі бойынша пойыз дүйсенбіден жұмаға дейін, мереке күндерін қоспағанда, күн сайын қатынайды.
Құрам Арқалық, Фурманов, Тасты-Талды, Барнаульский және Державин станциялары арқылы жүреді. Бұл ең алдымен өңір халқы үшін қолжетімді көлік қатынасын қамтамасыз етіп, ауылдық жерлер арасындағы байланысты нығайтады.
Сонымен қатар жаңа бағыт теміржолшылар үшін де маңызды, себебі тұрақты кесте олардың жұмыс орындарына уақытылы жетуіне мүмкіндік береді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31