Арқалықта Абай даңғылы 90, 92, Байтұрсынұлы көшесіндегі 20, Маясова көшесіндегі 29,31 үйдің тұрғындарына арнап спорт алаңы орнатылды.
Жаңа спорт алаңының тұсауын көпсайыстан қала құрама командасының мүшесі, жеңіл атлетикадан қалалық жарыстардың жеңімпазы Бейсенбай Сандыбаев пен футболдан Қостанай облысының күміс жүлдегері, облыстың үздік қақпашысы Данияр Жолдыбай қиды. Қазақтың салтымен шашу шашылып, аула балаларына ала доптар сыйға тартылды.
Спорт алаңының ашылғанына тұрғындар да қуанышты. Соның бірі — Жарас Қуанышбекұлы.
-Осы үйдің тұрғынымын. Жаңа футбол алаңының ашылғанына қуаныштымыз. Балалар бос уақытын енді осында өткізетін болады, – дейді қала тұрғыны Жарас Қуанышбекұлы.
Соңғы уақытта Арқалық қаласында шағын аудан мен кенттерде бұқаралық спортты дамытуға бағытында 15 спорт алаңы мен көше тренажеры орнатылды.
Қазір Арқалық қаласында 1 стадион, 50 спорт зал, 15 футбол алаңы, 15 көше тренадеры жұмыс істеп тұр.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
В Астане наградили победителей Национального конкурса «Мерейлі отбасы-2026». (далее…)
Арқалық өңірлік ауруханасында балаларға арналған «Қамқорлық» медициналық оңалту бөлімі ашылды. (далее…)
Очередной выезд «Каравана правовой помощи» состоялся в город Аркалык, Джангельдинский и Амангельдинский районы. Специалисты несколько…
В Аркалыке прошла масштабная инспекция объектов тепло- и водоснабжения. (далее…)
ДКРЕМ проверил исполнение инвестпрограмм и бюджетных трат ГКП «Аркалыкская ТЭК». (далее…)
Тұрғындар аптасына екі рет қатынайтын әуе рейстерінің бірін демалыс күніне ауыстыруды сұрады (далее…)
This website uses cookies.