
Арқалыққа асыл тұқымды ірі қара мал жеткізілді
Арқалық қаласына қарасты Қайыңды ауылдық округіндегі «Болат К» шаруа қожалығы 40 бас асыл тұқымды ірі қара мал әкелді.
1999 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан шаруашылық Қонай қыстағында орналасқан. Өткен жылы орын алған су тасқыны салдарынан қожалықтың үй-жайы, қора-қопсысы және бүкіл мал-мүлкі жойылып кеткен болатын. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесінде шаруашылық қайта қалпына келтірілуде. Асарлатып жаңа үй де тұрғызылды.
Шаруа қожалығының жетекшісі Болат Шалдыбаевтың айтуынша, алдағы уақытта мал басын көбейтіп, племенной статус алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ол өзге шаруаларға асыл тұқымды бұқа таратып, мал шаруашылығын дамытуға үлес қосқысы келеді.
Бұрын дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген кәсіпкер ата-анасынан қалған атакәсіпті жалғастырып отыр. Үйдің кенжесі ретінде қара шаңырақты ұстау – басты міндетім, дейді ол.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31