
Арқалыққа апарар жол орташа жөндеуден өтті
Қостанай облысында республикалық маңыздағы KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автомобиль жолының 323–339 шақырым аралығындағы, яғни Бала-Терісаққан өзенінен Арқалық қаласына дейінгі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды
KAZ13 автожолы орталық Қазақстанды солтүстік өңірлермен байланыстыратын маңызды көлік дәлізі болып саналады.

Жөндеу жұмыстары барысында 25 сантиметр тереңдікте ресайкілеу жүргізіліп, 6 және 5 сантиметр қалыңдықтағы асфальтбетон қабаттары төселді. Сондай-ақ жол жиегі нығайтылып, жол белгілері орнатылып, таңбалар сызылды.
Жұмыстарға 40 техника мен 60 маман жұмылдырылып, барлық іс бекітілген кестеге сәйкес толық орындалды.
Айта кету керек, Қостанай облысының аумағынан өтетін бұл автожол:
өндірістік орталық саналатын Жезқазған қаласы мен солтүстік өңірлер арасындағы тікелей көлік қатынасын қамтамасыз етеді; Астана арқылы айналып өтпей, орталық пен солтүстік аймақтар арасындағы қашықтықты қысқартуға мүмкіндік береді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ, суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31