
Арқалықта 10 жастағы бала суға батып кетті
Тағы бір қайғылы жағдай тіркелді. Арқалық қаласынан 6 шақырым жерде орналасқан Родина ауылы маңындағы суға шомылуға арналмаған шұңқырда 10 жастағы бала суға батып кетті.
Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 2015 жылы туған баланың денесін судан алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, бала ата-анасының қарауынсыз, рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Аталған аумақта шомылуға арналған қауіпсіздік белгілері мен арнайы құралдар болмаған.
Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе, жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстау қажет екенін ескертеді.
Мамандар мына ережелерді сақтауға кеңес береді:
Тек арнайы жабдықталған және рұқсат етілген орындарда шомылыңыз;
Балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз;
Кәмелетке толмағандарға үлкендердің бақылауынсыз суға түсуге рұқсат бермеңіз;
Бейтаныс су айдындарында шомылмаңыз;
Карьер, шұңқыр, канал секілді техникалық су қоймаларынан аулақ болыңыз;
«Шомылуға тыйым салынған» белгілерге назар аударыңыз;
Қауіп төнген жағдайда 112 нөміріне бірден хабарласыңыз.
Мамандардың айтуынша, осындай жағдайлардың алдын алу – әрбір ата-ананың басты міндеті.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31