
Қайта ашылатын Арқалық әуежайына мамандар тартылуда
Биыл Арқалық қаласының әуежайы қайта іске қосылады.
Президент тапсырмасы аясында қолға алынған бұл жоба алдағы жазда толық аяқталып, әуежай ел игілігіне қызмет ете бастайды. Осыған орай, қалалық Мәдениет үйінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов пен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы басқарма төрағасының орынбасары Жасұлан Ысқақов қатысты.
Қостанай бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
– Әуежайдың іске қосылуы бизнес, білім беру, туризм және жолаушылар тасымалының жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашады. Арқалықтың транзиттік әлеуеті артып, өңір дамуына серпін береді, – деді Жасұлан Ысқақов.

Жасұлан Ысқақов әуежайдың ашылуы қала тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына ықпал ететінін атап өтті.
– Бүгінгі жәрмеңке нәтижесінде көптеген азамат тұрақты жұмысқа орналасады. Олар алдағы жазда ашылатын әуежайдың халыққа сапалы қызмет көрсетуіне өз үлесін қосады, – деді ол.
Іс-шара барысында арнайы мамандар жұмыс іздеушілердің түйіндемелерін қабылдады. Үміткерлер іріктеуден өткен соң, Қостанай әуежайында оқу курстарына жіберіледі.
– Соңғы екі-үш жылда тұрақты жұмысым болмады. Бұрын Торғай боксит кен басқармасында арнайы техника жүргіздім. Бүгін әуежайға жүргізуші ретінде құжат тапсырдым. Себебі мұнда тәжірибелі мамандар қажет, – дейді қала тұрғыны Берік Әменғалиұлы.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген – Мұрат Жүнісұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31