
Арқалықта Мәдениет үйі жаңғыртылып, қайта ашылды
Арқалық қаласында ұзақ жылдар бойы бос тұрған қалалық мәдениет сарайы күрделі жөндеуден өтіп, қайтадан пайдалануға берілді.
Жаңғыртылған нысанның ашылуына байланысты қалаға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов арнайы жұмыс сапарымен келіп, тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесу жаңартылған мәдениет сарайында өтті. Қала әкімі Әмірхан Асанов өз есебінде биылғы қала бюджеті 18 млрд теңгені құрағанын, салық түсімдері 4 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 29%-ға артқанын атап өтті.
Осы жылы қалада жалпы құны 1,5 млрд теңгеден асатын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар, тағы бір жоба – «Hanzada» кемпингінің құрылысы аяқталған соң қосымша 15 жұмыс орны пайда болады деп күтілуде.
Құмар Ақсақалов өңірлік экономиканың даму қарқынына тоқталып, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысы 8,3% өсім көрсеткенін айтты.
Тұрғындармен сұхбат барысында сумен қамту, экологиялық ахуал, ескі тұрғын үйлерді жөндеу және жолаушылар тасымалына қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Әкім бұл сауалдардың әрқайсысына нақты жауап беріп, жеке қабылдаулар да өткізді.
Айта кетейік, күрделі жөндеуден кейін іске қосылған мәдениет үйінде қазіргі таңда 13 үйірме жұмыс істейді. 100-ден астам адам жұмыспен қамтылып, заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31