
Арқалықта жайлы аялдамалар орнатылуда
Арқалық қаласында тағы 18 жаңа автобус аялдамасы орнатылады. Жобаның жалпы құны 67 миллион теңгеден асады.
Арқалық қалалық ТКШ, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Асылхан Қуанышбаевтың айтуынша, аялдамалар қаланың басты көшелеріне қойылады. Олар ашық үлгіде болады, қабырғалары 8 мм қалыңдықтағы шыңдалған шыныдан жасалып, ағаштан жасалған сәндік элементтермен безендіріледі.
Сондай-ақ, аялдамалар орнатылатын аумақтарда абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
2 просмотров