
Арқалықта ауызсуға толық қолжетімділік қамтамасыз етіледі
Арқалық қаласында тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында 872 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұл қаражат жаңа су құбыры желілерін тартуға бағытталып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі таңда қала тұрғындарының 96,5%-ы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Жаңа жобаның жүзеге асуы нәтижесінде 2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 100%-ға жетпек. Яғни, қаланың барлық халқы шамамен 13 мың адам таза ауызсумен толық қамтылады.
Сонымен қатар, Арқалық қаласының құрамындағы Молодежный кентінде де су тарту жұмыстары жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар облыс көлемінде іске асырылып жатқан кең ауқымды инфрақұрылымдық жобаның бір бөлігі болып табылады.
Жалпы, Қостанай облысында су жүйелерін жаңғырту мен кеңейтуге 5,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның ішінде тек ауылдық елді мекендерге 3 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Фото ашық көзден алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31