
Арқалықтың ақсақалы Сапарбай Қабжанов – құрақ көрпенің шебері
Арқалық қаласына қарасты Жалғызтал ауылында тұратын Сапарбай Қабжанов есімді ақсақалға биыл 90 жас толады. Жасы тоқсанға таяса да, ол ұлттық қолөнердің күрделі әрі көркем түрі – құрақ көрпе тігуді әлі де тастамаған.
Құрақ көрпе тігу – төзімділік пен көз өткірлігін талап ететін өнер. Бұл жұмысқа орта жастағы жандардың өзі көп қол жеткізе бермейді. Ал Сапарбай атамыз бұл дәстүрлі өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, кеңінен насихаттаумен айналысып жүр.
Қабжанов ақсақалдың арманы – Алматыда өтетін әлемдік «Гиннес рекордтар кітабына» ең үлкен құрақ көрпені тігу жобасына қатысу. Сондай-ақ, ол халықаралық «Аламанқұрақ» фестиваліне шақырылған. Бұл – ұлттық өнеріміздің әлемге танылуы жолындағы маңызды қадам.
Ұлттық мұраға деген осы жанашырлық пен еңбек – Сапарбай Қабжанов сияқты шеберлердің арқасында жас ұрпаққа үлгі болмақ.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31