
Арқалық жасөспірімдер театрына жаңа автобус табысталды
Арқалық қазақ жасөспірімдер театрына «Астана Моторс» компаниясы жаңа шағын автобус сыйға тартты. Бұл маңызды бастама Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, бұрынғы Мәдениет министрі Дүйсен Қасейінов пен меценат Сапар Ысқақұлының тікелей қолдауымен жүзеге асты.
Автобусты табыстау рәсіміне Қостанай облысы мен Арқалық қаласы әкімдерінің өкілдері қатысты. Іс-шарада игі бастамаға алғыс хаттар тапсырылды.
Арқалық – еліміздің мәдени және тарихи маңызы бар аймақтарының бірі. Қиындықтарға қарамастан, қала мәдениетін дамыту арқылы жастардың білім мен өнерге деген ынтасын арттыру жоспарлануда.
Дүйсен Қасейінов бұл бастаманың жастарға рухани қолдау болып, алдағы уақытта да жалғасатынына сенім білдірді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
2 просмотров