Шекарашылар жаңа көліктермен толықты
Шекара шебін берік күзету – қасиетті қызмет
Ата-бабамыздың қанымен сызылған шекараға сызат түсірмеуге халық болып үлес қосу ісі дәстүрге айналған. Сосын да шығар шекараға жақын орналасқан облыс, аудан, ауылдарда «Шекараны ел болып күзетеміз» деген қағида бар.
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен департамен басшысы полковник Арман Жұмахметовтің бірлескен “ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша Департаменті бөлімшелерін материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асырудың бірлескен жоспарының” аясында атқарылған жұмыстардың қатары көп.
Солардың бірі – облыс әкімінің қолдауымен ойлы-қырлы жерлердің барлығын талғамай жүре беретін алты дөңгелекті “Трэкол-вега” маркалы үш дана қарбатпақтажүретін машиналары (жалпы сомасы – 86 832 600 теңгені құрайды). Шекарадағы нарядты тиімді ұйымдастыру мақсатында УАЗ 220695-4550-04 маркалы үш дана автокөліктері (жалпы сомасы – 18 300 000 теңгені құрайды). Шекара сақшыларының жауынгерлік-қызметті сапалы ұйымдастыруына көңіл бөлген әкімнің қамқорлығына шекарашылар дән риза. Келешекте де шекараны берік күзету ісіне облыстық әкімшілігімен бірге көптеген игі істер ұйымдастыру жоспарда тұр.
Бүгінгі күні облысымыздың әр тұрғынының бейбіт өмірін кірпік қақпастан күзетіп жүрген шекара сақшылары шекара шебін су жаңа көліктермен күзетіп жүр.
Манарбек Қарекенов,
ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департаменті, майор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31